Қазақстандық сейсмологтар 4 айдан бері жалақысыз отыр

0
920

Жұмысшылар несиесі мен тамағынан бөлек, жолақыға ақша жоқтығын айтып, зар илейді.


Қазақстандық сейсмологтар 4 айдан бері жалақысыз отыр

ERNUR.KZ. "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мекемесінің" жер сілкінісін зерттейтін 335 қызметкері маңдай терімен тапқан ақыларын ала алмай жүр, деп жазады informburo.kz.

Ұйым басшысы Б.Әшіровтың айтуынша, жалақының осынша уақыт кешігуіне мекеменің БҒМ-нің ғылым комитетіне ауыстырылуы себеп.

Жұмысшылар несиесі мен тамағынан бөлек, жолақыға ақша жоқтығын айтып, зар илейді. Ұйымның директоры бюрократиялық шаруалары үйлессе қызметкерлерінің жалақысы мамыр айында беріліп қалар деп отыр.

Айтуынша, қаржыландыру көзі ашылмағандықтан мекеменің коммуналдық төлемдерге қарыздары көбейген, осы себептен жер сілкінісіне жасалатын болжамдар да толық жүргізілмей жатыр.