Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева тағы да блицтен әлем чемпионы атанды

0
821


Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева тағы да блицтен әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. 18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында тағы жеңімпаз атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мен екінші жыл қатарынан әлем чемпионы атандым. Өткен жылы чемпионатты сенімді жеңдім, биыл ондай емес. Енді аздап демалып, отбасыммен болғым келеді. Оларды қатты сағындым», - деді Бибісара баспасөз мәслихатында.