Қазақстандық шебер Хабиб Нұрмағамедовке сыйлық жасады

0
1 370

Бұл оқиға таяуда, ресейлік балуан Атырауда өткен аралас жекпе-жектен жарыста қонақ болғанда орын алған.


Қазақстандық шебер Хабиб Нұрмағамедовке сыйлық жасады

ERNUR.KZ. UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов пен әкесі Абдулманап Нұрмағамедовке қазақстандық шебер Мейірхан Данышпановтың қолынан шыққан ер-тұрман тарту етілді, деп жазады Stan.kz.

Бұл оқиға таяуда, ресейлік балуан Атырауда өткен аралас жекпе-жектен жарыста қонақ болғанда орын алған.

«Маған қоңырау шалып, арнайы Хабиб Нұрмағамедов үшін ер-тұрманға тапсырыс берді. Қуанышымда шек болмады. Бұл менің еңбегімнің зая болмағанымның көрсеткіші деп ойлаймын. Себебі ұлттық бұйымды жасау оңай себебі. Әуелі дизайнын жасап, артынша материалдар сатып алып, мұнан кейін ғана жұмысқа кірісесің. Оның бір жабдығын жасаудың өзі кейде бір ай, кейде одан да көп уақытты талап етеді», - дейді шебер.

Мейірхан – екінші топтағы мүгедек. Әбзелші өзінің мұндай жұмысын 1992 жылы бастапты. Содан бері хоббиі сүйікті ісіне айналған. Оның қолынан шыққан әрбір бұйым көздің жауын алады.

Ер адамның сөзінше, ол өз ісін жақсы көреді. Қазіргі уақытта Мейірхан жас буынмен тәжірибесін бөлісіп жүр. Ол ұлдарымен бірге бес шәкіртті тәрбиелеуде. Егер әр қазақ өз қолымен қамшы, домбыра, ертоқым және басқа да заттарды жасай алса, керемет болар еді, дейді ол.

«Мұның бәрі – ата-бабамыздың мұрасы. Оны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Мен үшін ең бастысы – өз қолыңнан шыққан бұйымның адамдарға қуаныш пен бақыт сыйлағаны», - дейді Мейірхан Данышпанов.