Инсульт алып, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан.
ERNUR.KZ. Қазақстандық спорт журналисі Максим Карташов өмірден озды, деп жазады sputnik.kz
Басылымның мәліметінше, Максим Карташов инсульт алып, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан. Сол жерде қайтыс болған.
Максим Карташов 1980 жылдардың аяғынан бастап қазақстандық хоккей жайлы хабар таратты. "Қазақстан хоккейі" журналының бас редакторы және "Қазақстанның үздік хоккейшісі" конкурсының атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Әріптестері мұндай қайғылы хабарды естіп есеңгіреп қалды.
"Бұл жаста Максим Леонидович 30-дағылардан жас көрінді. Ақылға қонбайды", - деп жазды таныстарының бірі.