Қазақстандық таеквондошы Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды

0
731

Ол 87 келі салмақ санатында қола медаль иеленді.


Қазақстандық таеквондошы Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық таеквондошы Бауыржан Хасенов Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ол 87 келі салмақ санатында қола медаль иеленді.

Бұл - біздің команданың Түркияда алған үшінші жүлдесі. Бұған дейін Жасурбек Клычов пен Жансель Дениз жүлдегер атанған болатын.

Командалық есепте Қазақстан 13 алтын, 9 күміс және 21 қола медальмен бесінші орында тұр.

Медаль саны бойынша Түркия көш бастайды, Иран екінші орында, Өзбекстан үшінші.