Қазақстандық танымал каскадер Мұрат Мұқашев қайтыс болды

0
1 718

Соңғы үш күнде температурасы көтеріліп, тыныс алу жолдарында қиындық туындаған.


Қазақстандық танымал каскадер Мұрат Мұқашев қайтыс болды

Қазақстандық танымал актер және каскадер Мұрат Мұқашев бүгін таңертең пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы оның досы және әріптесі Ерден Телемісов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Сене алар емеспін, бірақ бүгін түнде Мұрат Мұқашев қайтыс болды. Ол бір аптадай ауырды. Соңғы үш күнде температурасы көтеріліп, тыныс алу жолдарында қиындық туындады. Пневмония. Кеше таңертең оны дәрігерлер алып кетті. Бүгін таңертең 7:10-да ол қайтыс болды, - деп жазды актер.
Мұрат Мұқашев қазақстандық көрермендерге "Жасыл төбедегі менің үйім" картинасы, "Всемогущий", "Макмафия" хикаялары және басқа да жобалар арқылы танымал. 2012 жылы актер ағайынды Вайнштейндер продюсерлік еткен "Марко Поло" атты ауқымды тарихи сериалына түскен.