​Қазақстандық тәрбиеші бір күнде жұлдыз болып шыға келді (видео)

0
698

әлеуметтік желі қолданушылары балаларға қолдау көрсетуден қысылмайтын осындай мұғалімдердің құнды екенін атап өтті.


​Қазақстандық тәрбиеші бір күнде жұлдыз болып шыға келді (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде балабақшадағы жаңа жылдық таңертеңгілік кезінде билеп тұрған мұғалім жайлы видео жарияланды, деп жазады sputniknews.kz.

Роликтен ұстаз өз шәкірттеріне қолдау көрсетіп жатқанын аңғаруға болады, бір сағаттың ішінде видеоны көргендер саны жүз мыңнан асып кетті.


Педагогтің өз жұмысына жан-тәнімен берілгені желідегі қолданушылардың жүрегін елжіретіп, сүйіспеншілігін тудырды. Жұрт сахнада өнер көрсетіп жатқан балаларға қолдау көрсеткені үшін әйелді мақтады.

"Балалар сахнаға шыққанда қобалжиды, міне сіздерге шпаргалка", — деп жазды видеоға түсініктеме берген қолданушылардың бірі.

Көптеген қазақстандық өзінің балалық шағын есіне алып, педагогтің мұғалімге қолдауы маңызды екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары балаларға қолдау көрсетуден қысылмайтын осындай мұғалімдердің құнды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандықтар адамдардың келемеждейтінін ойламай, педагогтың биін көпшілік назарына ұсынған видео-ролик авторларына наразылық білдірді.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет