Қазақстандық жастарға табыс көзін көрсететін құжатсыз несие беруге тыйым салу ұсынылды

0
465

Депутаттың сөзінше, жалақысы болмаса да бірнеше жерден несие алып жатқан студенттер қарасы көп.


Қазақстандық жастарға табыс көзін көрсететін құжатсыз несие беруге тыйым салу ұсынылды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Қазақстанда табыс көзін көрсететін құжатсыз жастарға несие беруге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, деп жазады stan.kz.

Депутаттың сөзінше, жалақысы болмаса да бірнеше жерден несие алып жатқан студенттер қарасы көп.

"Несие беру кезінде банк қарыз алушыға қайда жұмыс істейтіні, жалақысы қанша екені жөнінде және т.б. сауалдар қояды. Интернет арқылы несие алған кезде жасы 21-ге толмаған болса да, жұмыс орнын көрсетуі керек деген мәселе бар. Қазір жалақысы болмаса да, бірнеше несие алып жатқан студенттер көп. Табыс көзі болмаса, әрине, несиені қайтара алмайды", — деді Бейсенғалиев.

Депутаттың айтуынша, студенттер бір несие алып, екіншісін жабуға пайдаланады.

"Бір несие алып, онымен екіншісін жабады. 100 теңге алып, басқа жерде 120 теңге алып, біріншісін жабады, бір айдан кейін тағы 140 теңге жиналады. Бұған жол бермеу үшін кірісті растайтын құжатсыз 21 жасқа толмаған жастарға несие беруге тыйым салынуы керек", — деді депутат.