Қазақстандықтар 8 млрд теңге көлеміндегі салық берешегін өтеді

0
703

Салықтық берешегін ең көп өтеген - Алматы қаласының тұрғындары.


Қазақстандықтар 8 млрд теңге көлеміндегі салық берешегін өтеді

ERNUR.KZ. Салықтық рақымшылық аясында 334 127 жеке тұлға 7,9 млрд теңге көлемінде салықтық берешегін өтеп, 1,64 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Салықтық берешегін ең көп өтеген - Алматы қаласының тұрғындары. Алматының 65 042 тұрғыны 4 млрд 440 млн теңге қарызын төледі. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Алматы бойынша салық қарызы 5,5 млрд теңгені құраған болатын», - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз хабарламасында.

Ал екінші орында Ақтөбе облысы (34 68 адам), үшінші орында Қостанай облысы (28 975 адам) тұр.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе мына жерден тексере алады.