Қазақстандықтар ақылы жолдан өткенде төлем әдістері туралы SMS-хабарлама алады

0
588

SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді.


Қазақстандықтар ақылы жолдан өткенде төлем әдістері туралы SMS-хабарлама алады

ERNUR.KZ. Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты, деп жазады inbusiness.kz.

Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады. Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған.

"SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді. Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар. Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде ("Астана-Щучинск"," Астана-Теміртау"," Алматы-Қонаев"," Алматы-Қорғас") SMS-хабарлама келмейді", делінген компания мәліметінде.