Қазақстандықтар ЕАЭО елдерінің тұрғындары арасындағы ең бақытты халық атанды

0
771

Әлем елдеріндегі халықтың бақытының көрсеткішін өлшейтін халықаралық зерттеу жобасының зерттеуі жарияланды.


Қазақстандықтар ЕАЭО елдерінің тұрғындары арасындағы ең бақытты халық атанды

ERNUR.KZ. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) барлық елдерін басып озып, бақыт деңгейі бойынша әлемдік рейтингте 153 елдің ішінде 50-орынға ие болды, деп жазады Stan.kz.

2020 жылғы World Happiness Report бақыт деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 10 сатыға көтерілді.

Бұл ретте ЕАЭО елдері арасында Қазақстан бірінші орынды иеленді. 73-ші орында Ресей, 74-ші орында Қырғызстан, одан кейін Беларусь (75-ші орын), ал Армения рейтингте 116-шы орында тұр.

Әлемдегі елдердің бақыт деңгейі бойынша рейтингі - бұл әлем елдеріндегі халықтың бақытының көрсеткішін өлшейтін халықаралық зерттеу жобасы.

Рейтинг құру кезінде жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, азаматтық бостандықтың болуы, қауіпсіздік пен ертеңгі күнге деген сенімділік сезімі, отбасының тұрақтылығы, жұмыспен қамту кепілдігі, сыбайлас жемқорлық деңгейі сияқты әл-ауқат көрсеткіштері, сондай-ақ сенім деңгейі, жомарттық пен адамгершілік сияқты қоғам жағдайының жанама көрсеткіштері ескеріледі.

Рейтингтің алғашқы қатарларын Финляндия, Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланды, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия және Люксембург тұрғындары алды. Рейтингтің соңғы орындары Зимбабве, Оңтүстік Судан және Ауғанстан сияқты елдерге бұйырды.


Қазақстандықтар арасында өмірге қанағаттану деңгейі

Қазақстан статистика комитетінің деректері бойынша, респонденттердің 63,5%-ы өз өмірлеріне қанағаттанған, бұл ретте ауылдық жерлердегі қазақстандықтар (58,4%) қала тұрғындарына қарағанда едәуір көп (72,6%) қанағаттанады.

"Халықтың өмір сүру сапасы" сауалнамасында әйелдерге (58,5%) қарағанда өз өміріне қанағаттанған ер адамдар көбірек (61,8%) болды.

Былтыр респонденттердің өміріне қанағаттану деңгейі 60%, 2018 жылы 56,5% құрады.