Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады

0
502

Premium YouTube-парақшасының иелері видеоларды жарнамасыз және фон режимінде көре алады, интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады және басқа да бірқатар мүмкіндіктерге ие болады.


Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады, деп жазады tengrinews.kz.

Premium YouTube-парақшасының иелері видеоларды жарнамасыз және фон режимінде көре алады, интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады және басқа да бірқатар мүмкіндіктерге ие болады.

Қазақстандықтарға YouTube Premium-ге жазылудың бірнеше нұсқасы ұсынылды: жеке, отбасы және студенттерге.

Қазақстандағы YouTube Premium бағасы


Сервис YouTube Premium үшін әртүрлі баға көрсеткен. iPhone-нан қараған кезде жеке жазылым айына 3500 теңге болса, компьютерден айына 2700 теңгені көрсетеді.


iPhone арқылы қарағандағы YouTube Premium бағасы


БАҚ мәліметінше, бірқатар елдерде жеке жазылымның бағасы айына $11,99 (шамамен 5400 теңге) болады.

Айта кетейік, цифрлық даму министрі Бағдат Мусин YouTube Premium Қазақстанда 2023 жылы болады деп уәде еткен еді, кейін "бұл жыл аяғына дейін болмауы мүмкін" деп мәлімдеді.