Қазақстандықтар қалың малды бөліп төлей бастады

0
1 209

Елімізде тіркелген некенің 40 пайызы көп ұзамай ажырасумен аяқталады екен.


Қазақстандықтар қалың малды бөліп төлей бастады

иллюстрациялық фото

Соңғы кездері қалыңмалдың ақшасын бөліп төлеп, амалын табатын жігіттер де бар. Бұл бастаманы этнографтар да қолдауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Той-томалақ үшін несие алу көп қазақстандыққа әдетке айналғаны қашан. Енді бұған жаңа үрдіс қосылуда. Қазіргі таңда қыздың жасауын да, қалың малды да несиеге рәсімдеп, бөліп төлейтіндер көбейген. Құда-құдағилардан ұят болмасын дегендер амалсыздан осылай жасауға мәжбүр дейді мамандар. Алайда, мұны жұрттығң бәрі дерлік құптай бермейді.
«Қазір құрбыларымының басым көбіне қалың малды бөліп төлейді. Негізі өз басым қарсымын», дейді қала тұрғыны ӘСЕЛ БАҚТИЯРҚЫЗЫ.
Этнограф Қалжан Қайратұлы қазіргі қиын кезеңде әркімнің көрпесіне қарай көсілгені жөн дейді. Ал жігіттердің қалың мал төлеуге жағдайы болмаса, оның басқа жолын тапқаны дұрыс. Мәселен...
"Жігітке сол ситуациядан шығудың жолдарын іздеу керек. Мысалы ол айтуы мүмкін: "Мен қыздарыңызды бақытты ете аламын. Кредит алудың да қажеті жоқ. 500 мың берейін одан кейін тағы 500 мың!", дегендей. Жігіт шындықты айтқаны дұрыс", дейді этнограф-тарихшы ҚАЛЖАН ҚАЙРАТҰЛЫ.
Кәсіпкер Дина Хайса да тұрмысқа шығатын бұрымдылардың жасауды несиеге алатынын жасырмайды. Бағасы да карантинге қарай өзгерген емес дейді.
"Бөліп төлеуге алады. 50 пайызын төлейді. Қалған суммасына 1,2 айға бөліп қалтасына қарап. Бір көрпеше, төр көрпе 10 мыңнан басталады, 20 мыңға дейін басталады", дейді кәсіпкер ДИНА ХАЙСА.
Бүгінде қыз жасауы қымбат заттарымен бағалы. Мәселен, қазір көрпе-төсектің жанына қымбат техникалар, смартфон, алтын бұйымдар, тіпті су тазалайтын фильтр да бар.
"Сайып келгенде, халықтың көбі оны несиеге рәсімдей" дейді Сұлушаш апай.
"Бірінен бірі асырып жатыр, кредиттерді алып белшесінен қарызға батып жатыр. Бұл өте орынсыз, ысырап болмау үшін, екі жақ келісу керек", дейді қала тұрғыны СҰЛУЛШАШ УНЫШЕВА.
Қалың малды несеге рәсімдеп, бөліп төлеуге жұрттың дені қарсы. "Миллиондап теңгені далаға шашқаннан гөрі, жастар болашағаны алаңдаған дұрыс" дейді телеарна тілшілері тілдескен жандар.
«Менің ойымша ол дұрыс емес!», "Індеттің уақытсында қаражат жағынан қиналып тұр, қалыңмалға тоқталудың қажеті жоқ», «несенің орнына екі жастың болшағаныа құйған дұрыс», дейді қала тұрғындары.
Деректерге жүгінсек, елімізде тіркелген некенің 40 пайызы көп ұзамай ажырасумен аяқталады екен. Ал «несие», «бөліп төлеу» сізбен мәңгілікке бірге", дейді мамандар.