Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағынан мәлім етті
ERNUR.KZ. 2018 жылы Қазақстанда 32 298 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағынан мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 206 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 78,8 пайызға өсіп, 30 016-ға жетті.
Өткен жылы Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (13 146 көлік), Hyundai (8 433), KIA (2 635), JAC (1 125) және Chevrolet (1 082) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде Skoda (835), Ravon (552), Peugeot (149), SsangYong (16) бар екенін атап өткен жөн.
Аталған мерзімде 3 252 автомобильді жеңілдікті автонесиелеу мембағдарламасына қатысқандар сатып алды.
Осыған дейін 4 проценттік автонесиені қалай алуға болатындығы туралы жазғанбыз.