Қазақстандықтар қару-жарақты жиі сатып алатын болған

0
422

Полиция 2021 жылдың соңғы 4 айында 9 мыңға жуық қаруға рұқсат берген.


Қазақстандықтар қару-жарақты жиі сатып алатын болған

ERNUR.KZ. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда қару сатып алуға құқық қорғау органдары беретін рұқсаттардың саны өсті, деп жазады Stan.kz.

Полиция 2015 жылы сатып алуға 37 мыңнан астам рұқсат берсе, ал 2020 жылы 47 мыңға жуығын рәсімдеген, 2021 жылдың соңғы 4 айында 9 мыңға жуық рұқсат беріп үлгерген. Азаматтар көп жағдайда аңшылыққа арналған тегіс оқпанды қаруды сатып алады", - дейді министрлікте.

Сонымен қатар, бүгін елімізде 231 мыңға жуық атыс қаруының иелері тіркелген, олардың заңды пайдалануда 340 мыңға жуық қару-жарақ бар. Әдетте, бұл аң аулауға арналған қару (86,7%).

"Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Заңның 15-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны: аңшылық атыс қаруынан: ойық оқпанды - екі бірлік; тегіс оқпанды - екі бірліктен; өзін - өзі қорғау қаруынан - екі бірліктен, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы немесе газ тапаншалары, револьверді қоса есептегенде - деді министрлікте.