Қазақстандықтар ХҚКО-да құжат фотосын өздігінен таңдай алады

0
442

Әбділдин барлық мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру жұмыстарын жалғасатынын атап өтті.


Қазақстандықтар ХҚКО-да құжат фотосын өздігінен таңдай алады

ERNUR.KZ. Енді қазақстандықтар ХҚКО-да құжат фотосын өздігінен таңдай алады. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мемлекеттік қызметтер саласында енгізіліп жатқан инновациялар туралы айтты, деп жазады stan.kz.

Әбділдиннің сөзінше, корпорация ІІМ-мен бірігіп ХҚКО-ларда азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жобаны әзірледі.

"ХҚКО-ларда жеке куәлік пен паспорт алуға өтінімдерді көші-қон полициясының екі қызметкері ғана қабылдайды. Ары қарай клиент кассаға, содан соң фотоға түсу үшін екінші қызметкерге баруы тиіс. Бүкіл процесс 20-30 минутты алатын.

Жақын арада пилоттық жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО-ларында құжаттандыруға арналған 15 терминал орнатамыз. Клиент барлық деректерді өз бетінше толтырады. Терминал биометриялық сәйкестендіру жүргізіп, фотоға түсіреді, QR-код арқылы төлем қабылдайды. Бұл рәсімдеу процесін 10 минутқа дейін қысқартпақ. Құжат дайын болған кезде оны клиент ХҚКО-дан алып кетеді. Біздің жақын болашақтағы басты мақсатымыз – өзіне-өзі қызмет көрсетуге бағдарланған ХҚО-ларда мемлекеттік қызметтерді толықтай қағазсыз көрсету" - деді Сүйеніш Әбділдин.

Әбділдин барлық мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру жұмыстарын жалғасатынын атап өтті.