Қазақстандықтар кредитті көп ала бастады

0
455

​Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебінен ипотекалық қарыз 3,6%-ке артып, 2,1 триллион теңге болды.


Қазақстандықтар кредитті көп ала бастады

ERNUR.KZ. Қыркүйек айында қазақстандықтардың кредиті 2,0%-ке ұлғайып, 7 триллион теңгеге дейін жетті. Бұл туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, қыркүйекте экономикаға берілетін кредиттер 1,1%-ке өсіп, айдың соңында 14,3 триллион теңгеге жетті. Соның ішінде ұзақ мерзімді кредиттер 1,3%-ке, 12,4 триллион теңгеге дейін ұлғайған. Ал қысқа мерзімді несиелер 0,2%-ке, 2,0 триллион теңгеге дейін азайды.


"Қыркүйекте халықтың кредиттері 2,0%-ке, 7,0 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында тұтынушылық қарыз 1,3%-ке өсіп, 4,2 триллион теңгеге жетсе, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебінен ипотекалық қарыз 3,6%-ке артып, 2,1 триллион теңге болды", - деді Досаев үкімет отырысында.


Сондай-ақ, банк жүйесіндегі депозиттер бір айда 3,3%-ке ұлғайып, қыркүйектің соңында 21,4 триллион теңге болды.

Теңгедегі салымдар қыркүйекте 2,2%-ке, 12,6 триллион теңгеге дейін, валюталық салымдар 5,1%-ке өсті.

Нәтижесінде, Досаевтың айтуынша, депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылдың қыркүйегінде 40,9% шамасында қалыптасты.