Қазақстандықтар мектеп оқушыларының автобустарда тегін жүруін талап етіп, петиция жариялады

0
1 822

Жедел жәрдем оқиға орнына үш минутта жеткен, алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады.


Қазақстандықтар мектеп оқушыларының автобустарда тегін жүруін талап етіп, петиция жариялады

ERNUR.KZ. Павлодарда 14 жастағы қыз сегізінші қабаттағы терезеден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.

Көпқабатты үйдің тұрғыны терезеден бала құлап кеткенін айтып, жедел жәрдем шақырған.
Медициналық бригада шұғыл оқиға орнына аттанды, шақыру түскен үйге үш минутта жеткен. Бірақ дәрігерлер 2009 жылғы қызды ажалдан арашалап қала алмады.
"Шақыру кезінде түскен ақпарат бойынша, бала сегізінші қабаттан құлаған", - деп мәлімдеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.