Қазақстандықтар мінген алғашқы автобус Украина шекарасынан өтті

0
730

​Тағы екі автобус жолда. Польшаға жеткен қандастарымызды консулдық қызметкерлері күтіп алды.


Қазақстандықтар мінген алғашқы автобус Украина шекарасынан өтті

ERNUR.KZ. Эвакуацияланған адамдардың бірі отандастарымыздың 27 ақпан күні Қазақстанға бірінші рейспен ұшатынын айтты, деп жазады Экспресс К.

Қазақстан азаматтары мінген алғашқы автобус Украина шекарасынан өтіп, Польшаға жетті. Қазіргі уақытта адамдарды қонақ үйге орналастырып жатыр.

"Тағы екі автобусты күтіп отырмыз. Сонықтан ертең ұшуымыз мүмкін", - дейді эвакуацияланғандардың бірі.