Қазақстандықтар наурыздан бастап Египетке ұша алады

0
568

​Рейстер әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындаладады.


Қазақстандықтар наурыздан бастап Египетке ұша алады

ERNUR.KZ. Министрлік Қазақстаннан Египетке әуе рейстері қайта ашылатынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Мұндай шешімді Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.
Комиссияның 2022 жылдың 17 ақпанындағы шешіміне сәйкес, Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстері қайтадан ашылады.
Наурыздың басынан Қазақстанның "Air Astana", "Fly Arystan" және "SCAT" әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-шейхке ұша бастайды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындаладады.
Айта кетері, 18 ақпаннан бастап Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе рейстері саны артты.
Ақтау және Баку қалалары арасында тұрақты рейстер A319 типті әуе кемесімен аптасына 3 рейс (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) ұшады.