Қазақстандықтар пойыз билеттерін мобильді қосымша арқылы сатып ала алады

0
830

Қаңтар айынан бастап «Mobius» мобильді қосымшасы іске қосылады.


Қазақстандықтар пойыз билеттерін мобильді қосымша арқылы сатып ала алады

ERNUR.KZ. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап елімізде пойыз билеттерін ұялы телефон арқылы сатып алуға болады, деп жазады Елорда Инфо.

«Келер жылдың қаңтар айынан бастап «Mobius» мобильді қосымшасы іске қосылады. Ол арқылы азаматтар пойыз билеттерін тікелей сатып ала алады. Сондай-ақ төте маршрут болмаған жағдайда клиент басқа пойызға ауысып отыруға немесе пойыздарға орын болмаған жағдайда басқа пойызға ауыстыру мүмкіндігі беріледі. Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін олардың өтініші 24/7 режимінде жұмыс істейді. Өтініш «1433» нөмірі арқылы қабылданады. Аталған қызмет қалалық байланыс телефондары арқылы тегін, ал ұялы телефоны арқылы ақылы болады», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкөзов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның мәлімдеуінше, жыл сайын теміржол қызметін 20 миллионнан астам жолаушы пайдаланады.