Қазақстандықтар шетелден жарысып вилла сатып алып жатыр

0
2 371

Қазақстандықтар пандемия мен дағдарысқа қарамастан ерекше вип нөмір мен қымбат үйлер сатып алуға қыруар қаржы жұмсаған.


Қазақстандықтар шетелден жарысып вилла сатып алып жатыр

иллюстрациялық фото

Әлемді тығырыққа тіреген карантиндік шаралар біздің кей отандастарымыздың көліктеріне қымбат вип нөмір сатып алуына, тіпті шетелден жылжымайтын мүлік рәсімдеуіне де кедергі бола алмаған сыңайлы, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қазір Түркия мен Грузияның жылжымайтын мүлгі қазақстандықтар арасында трендте дейді сарапшылар. Сонымен қаржысын қалтасына сыйдыра алмай жүргендер кім?

3,9 миллиард! Иә, өздеріңіз естігендей қазақстандықтар пандемия мен дағдарысқа қарамастан ерекше вип нөмір сатып алуға былтыр осынша қыруар қаржы жұмсаған. Мәселен, 2020 жылы 12 616 азамат ерекше тіркеу нөмірін иеленген екен.
«Егер былтыр 3,9 миллиард тг вип нөмір сатып алса, 2019 жылы 3 миллиард жұмсаған екен. Вип номерге құмар аймақтарының ішінде Алматы көшбасында, одан кейін, Нұр-Сұлтан, Шымкент, ең азы Алматы облысы" - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ баспасөз қызметінің өкілі Жазира Маратқызы.
Сұраныста 001, 002, 777, 888 секілді ВИП сандар, дейді мамандар. Одан бөлек біріңғай әріп тізбегі де трендте. Бағалары сан түрлі. 16 626 теңгеден басталады. Оған XXX, YYY, MMM сияқты әріптер комбинациясын қосқыңыз келсе - 332 538 теңге төлеуге дайын болыңыз. Ал ең қымбат сандар әдеттегідей 777, 888, 999, 007. Әріптерімен қосқанда - 831 345 теңге тұрады.

"Пандемияға қарамастан вип нөмірге деген қызығушылығы еш өзгерген жоқ. Динамика байқалмайды. 2019-2020 жылы сатып алынған нөмірлердің мөлшері бірдей. Бір ғана өзгеріс суммасында" - дейді Жазира Маратқызы.

Қазақстандықтар үшін коронавирус шетелден жылжымайтын мүлік сатып алуға да кедергі болмады. Керісінше, бай-бағландар мен шоу биз өкілдері бірінен соң бірі қымбат апартментс, виллаға деген қызығушылығын арттырған. Бағалары 80 мың еуродан басталады, дейді сату бөлімінің маманы

"Былтырғыдан Аланияда жылжымайтын мүліктің бағасы 10-15 пайызға өсті. Өтйкені жергілікті құрылыс компаниялары жұлдыздарды жарнамаға шақырды. Сұраныс өсті. Түркиядан көп пәтер сатып алуға бел буды! Көп жағдайда қазақстандықтар жазғы демалысқа бару үшін қонақ үйге емес,өздерінің пәтеріне барғысы келеді" - дейді сату бөлімінің маманы Индира Абилова.

Сандарға сенсек, 2019 жылы Түркиядан 700 отандасымыз жылжымайтын мүлікті иеленген. Сарапшылар, Жерорта теңізі жағалауындағы зәулім үйлер мен пәтерлерді иеленуге бірінеше фактор әсер еткенін айтады. Атап айтқанда, Солтүстік Кипр, Араб Әмірліктері, Түркия мен Грузияда табыс салығын растаудың қажеті жоқ. Сонымен қатар құрылыс компаниялары бонустармен бірқатар жеңілдіктер ұсынатын көрінеді.

"Бай адамдар өздеріне вилла, особняк, теңіздің жағалауында. Олардың бағасы әр түрлі. Ал еуропалық мемлекетерге сұраныс азайды. Өйткені сатып алатын кезде ресми құжатын, табысын сұрайды" - дейді Индира Абилова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан пандемияға қарамастан Мальдив аралына келіп-кеткен адамдарының саны бойынша әлемде төртінші орында тұр. Мұндағы ең қымбат қонақ үйдегі демалыс адам басына 1-2 миллион теңгеден асып жығылады.