Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

0
597

Шілде айында қазақстандықтар Астана күні мен Құрбан айт мейрамын тойлайды.


Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

2021 жылдың шілдесінде қазақстандықтар 11 күн демалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстандықтар әдеттегі сенбі мен жексенбіден бөлек 6 шілдеде демалады: бұл күні Астана күні атап өтіледі. Биыл мереке сейсенбіге түсті, бұл қосымша бір демалыс күнін береді, бірақ үкімет үш күн қатарынан демалу үшін жұмыс күнін 5 шілдеден сенбіге, 3 шілдеге ауыстырды.



Осылайша:

  • бес күн жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде - жұмыс күні, демалыс күндері 4, 5, 6 шілде;
  • алты күн жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде - жұмыс күні, 4 - демалыс, 5 - жұмыс күні және 6 шілде - демалыс.

Сонымен қатар, шілдеде Құрбан айт мерекесі атап өтіледі, ол 2021 жылы 20 шілде, сейсенбіге келіп тұр. Демек, 20 шілде - демалыс (бес күндік және алты күндік жұмыс апталары үшін).