Қазақстандықтар Шри-Ланкаға бару жағынан әлі көшбасында тұр

0
1 436

2021 жылдың наурызында Шри-Ланкаға 4500 турист барған.


Қазақстандықтар Шри-Ланкаға бару жағынан әлі көшбасында тұр

ERNUR.KZ. Наурыздың қорытындысына сәйкес, қазақстандықтар Шри-Ланкаға бару бойынша тағы да көшбасшы атанды, - деп жазады tengritravel.kz.

2021 жылдың наурызында Шри-Ланкаға 4500 турист барған. Ақпанда олардың саны 3 366 болған. Шекара ашылған сәттен бастап аралға 9 629 шетелдік келді.


Наурызда Шри-Ланкаға келу саны былтырғы наурызбен салыстырғанда 93,6 пайыз төмендеді. Өткен жылдың наурызында аралға 71 370 адам, ал 2020 жылы 507 311 турист келген.

Наурызда Шри-Ланкаға Қазақстаннан 1 514 турист келді. Аралға бару бойынша екінші орында Германия (502 адам), ал үшінші орында Ұлыбритания (316 адам) тұр. Украинадан 287, Қытайдан 223, Үндістаннан 183 мен АҚШ-тан 182 саяхатшы барған.

6 ақпаннан сәуірге дейін екі әуекомпания Қазақстаннан Шри-Ланкаға чартерлік рейстер ашты. Әр апта сайын 350 қазақстандық аралға тікелей ұша алады.