Қазақстандықтар Таиландқа визасыз 30 күнге бара алады

0
969

Жобаны талқылау 29 наурызға дейін жалғасады.


Қазақстандықтар Таиландқа визасыз 30 күнге бара алады

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі сынақ мерзімінен кейін Таиландпен 30 күндік визасыз режимді тұрақты негізде енгізгісі келеді, деп жазады inform.kz.

Өткен жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың 29 ақпанына дейін қолданыста болған сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында пайда болды.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Таиландта визасыз кірген күннен бастап 30 күн алаңсыз жүре алады.

«Алайда Қазақстан азаматтары күнтізбелік 180 күннің 90 күнінен артық Таиландта болмауға тиіс», – делінген құжатта.

Бұл елде ұзақ уақытқа қалуды қалайтын отандастарымыз әлі де виза алуға мәжбүр болады.

Таиланд азаматтары үшін Қазақстан аумағында да осындай жағдай жасалған. Келісімде визасыз режимнің қанша уақытқа дейін ұзаратыны немесе қай айлар аралығында болатыны нақты көрсетілмеген.

Жобаны талқылау 29 наурызға дейін жалғасады.