Қазақстандықтар Украинаға бес күнде 100 млн теңге жинап берді

0
494

Досым Сәтпаев пен Арман Шораев бастаған 15 адам Қазақстан халқына үндеу жасады. Белсенділер арнайы қор құрып, соғыстан зардап шеккен Украина халқына көмек көрсетуді қолға алған.


Қазақстандықтар Украинаға бес күнде 100 млн теңге жинап берді

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг кезінде белгілі болды, деп жазады ulysmedia.kz.

«Бес күннің ішінде 100 млн теңгеден аса қаржы жиналды. Бүгін ғана менің картама 8 млн теңге түсті. Оған қоса фармацевтикалық компаниялар хабарласуда. Үнді азаматы басқаратын «LS» компаниясы 10 млн теңгенің медикаментін жеткізді. Неге мұны атап айтып отырмын? Себебі, біз қазақстандық фармкомпанияларға үндеу жасадық, бізге көмек көрсетуді немесе дәрі-дәрмегін төмен бағамен сатып аламыз дегенімізде бізге қолдау көрсетілмеді. Жиналған жүкті жіберіп жатырмыз, күні кеше үшінші рейс кетті. Бізге түрлі этнос өкілдері, жас пен кәрі, еліміздің әр қаласынан тұрғындар қолдау көрсетуде. Олардың үш тілегі бар: Украина халқын қолдайды, соғысқа қарсы және мұндай жағдайдың біздің елде болмағанын қалайды», – деді «Ел болашағы» бастамашыл тобының басшысы Тоғжан Қожалы.

Бастамашыл топқа алматылық еріктілер де көмектесіп жатыр. Қазір штабда 500-ден астам ерікті жұмыс істейді. Қоңырау шалатын адамдардың көптігіне байланысты штаб жұмысы автоматтандырылмақ.

«Мұндай гуманитарлық көмек акциясы Қазақстанда бірегей деп айта аламыз. Көмектесіп жатқан халық түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінен тұрады, менің ойымша, нағыз Қазақстан халқы Ассамблеясы дегеніміз осы», - дейді Бастамашыл топ өкілі Досым Сәтпаев.

Еске салсақ, өткен жұмада Досым Сәтпаев пен Арман Шораев бастаған 15 адам Қазақстан халқына үндеу жасады. Белсенділер арнайы қор құрып, соғыстан зардап шеккен Украина халқына көмек көрсетуді қолға алған.