Қазақстандықтар үшін шетелдік вакциналар ақылы болады - ДСМ

0
975

Оның айтуынша, өзге вакциналар да нарықтағы коммерциялық айналымға жіберілген.


 Қазақстандықтар үшін шетелдік вакциналар ақылы болады - ДСМ

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар үшін шетелдік вакциналар ақылы болады, ал өз елімізде өндірелетіндер тегін болып қала береді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой арнайы брифингіде мәлім етті, деп жазады zakon.kz.

Басқаларға қарағанда өз ішімізде клиникалық тиімділігі дәлелденген отандық вакцинамызды өндіре алады екенбіз, ендеше оны медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемі бойынша сатып аламыз, - деді Цой.

Оның айтуынша, өзге вакциналар да нарықтағы коммерциялық айналымға жіберілген.

Қазір біз компаниялар арасында біздің нарыққа шығып, Қазақстанға өз өнімдерін жеткізіп, өз қызметтерін ұсынса деген үгіт-насихат жүргізіп жатырмыз, - деп сөзін қорытындылады ол.