Қазақстандықтар жаппай БАӘ-ге жолдама сатып алып жатыр

0
689

Дубайға ұшатын ұшақтарда орын қалмаған.


Қазақстандықтар жаппай БАӘ-ге жолдама сатып алып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар әуе қатынасы қалпына келген соң Біріккен Араб Әмірліктеріне туристік жолдамаларды жаппай сатып алып жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.


Мыңға жуық қазақстандық осы БАӘ-ден жолдама сатып алған. Алдағы уақытта Дубайға ұшатын ұшақтарда орын қалмаған.

"Әмірліктерге ұшатын алдағы 3 рейске орын қалған жоқ. Ал Түркияға қатысты консультация беріп жатырмыз. Біз де жағдайды бақылап отырмыз. Себебі, нарықтың басым бөлігі чартерлік рейстер мен оның бағдарламасын күтіп отыр", - дейді "Туристiк қамқор" корпоратив қорының төрайымы Инна Рей.

Қазақстандық әуе компаниялары БАӘ-ден бөлек 6 елге ұша бастаған. Оның ішінде Украина, Беларусь, Германия, Нидерланды және Мысыр бар. Қазақстан заңды түрде 20 елмен шекарасын ашқан. Алайда Қытай, Үндістан, Польша, Өзбекстанға Қазақстан арқылы бару әзірше мүмкін емес.
Сонымен қатар Испания, Италия, Ұлыбритания және тағы басқа елдерге баруға тыйым салынған. Тіпті, транзитпен де бару мүмкін емес.