Қазақстандықтар жеке куәлік жасатқанда саусақ ізін тапсыруға міндетті ме

0
257

Азаматтарды жаңа құжат рәсімдеу кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өтуге ешкім мәжбүрлемейді.


Қазақстандықтар жеке куәлік жасатқанда саусақ ізін тапсыруға міндетті ме

ERNUR.KZ. Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін ерікті түрде тапсырады. Дактилоскопиялық тіркеу шетелдіктерге ғана міндетті, деп жазады sputnik.kz.

2024 жылдан бастап қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжаттарды жасатқанда саусақ іздерін ерікті түрде тапсырады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында оларды дактилоскопиядан өтуге ешкім міндеттемейді.
Парламент қабылдаған заңға сәйкес, саусақ іздерін тек шетел азаматтары тапсырады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң 2016 жылы қабылданды. Алайда саусақ іздерін тапсыруға қатысты норма тек 2024 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Бастапқыда ішкі істер министрлігі Қазақстанның 16 жасқа толған барлық азаматын саусақ іздерін тапсыруға міндеттеуді жоспарлаған еді. Бірақ кейін заңға өзгерістер енгізіліп, республика азаматтары дактилоскопиялық тіркеуден ерікті түрде өтетін болды.
Саусақ іздерін Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа паспорт немесе жеке куәлік жасатқан кезде тапсыруға болады.
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңды іске асыру үшін ішкі істер министрлігіне 14,1 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат серверлік, лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету, аппарат кешендерін жабдықтау, дактосканерлер алу, қызметкерлерді оқыту және тағы басқа мақсаттарға жұмсалды.