Күнтізбесі төменде көрсетілген
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалады, деп жазады Tengrinews.kz.
1 желтоқсан Тұңғыш Президенттің күні болып саналады. Бұл мереке сенбі күніне түсіп тұрғандықтан бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін дүйсенбі 3 желтоқсан демалыс болады.
16 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Әдетте Тәуелсіздік күнінде екі күн демалады, бірақ 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен қазақстандықтар 15-18 желтоқсан аралығында демалады. 19 желтоқсан жұмыс күні болады.
Ал Жаңа жылда қазақстандықтар сенбі 29 желтоқсанда жұмысқа шығып, дүйсенбі 31 желтоқсанда демалады.