Қазақстандықтарды 40 жастан бастап зейнетке шығару ұсынылды

0
837

Болашақта салымшы бюджеттен төленетін базалық зейнетақы төлемімен бірге ең төменгі зейнетақыны ала алады деп болжануда.


Қазақстандықтарды 40 жастан бастап зейнетке шығару ұсынылды

ERNUR.KZ. Қаржы ұйымдары қауымдастығының өкілдері сенаторлармен кездесуде 40 жастан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға рұқсат беру қажеттігін айтты, деп жазады Stan.kz.

Сенат депутаттары БЖЗҚ мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен жиналыс өткізіп, салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану және оларды өзін-өзі басқару, сондай-ақ БЖЗҚ қаражатының сақталуын қамтамасыз ету тетіктерін қарастырды.

Кездесуде қауымдастық өкілдері "жеткіліктілік шегі" мөлшерінің алдын-ала есебі бойынша БЖЗҚ шотында 5 миллион 586 мыңы бар 59 және одан жоғары жастағы азамат зейнетақы жинақтарын көрсетілген мөлшерден асыра ала алатындығын айтты. Болашақта салымшы бюджеттен төленетін базалық зейнетақы төлемімен бірге ең төменгі зейнетақыны ала алады деп болжануда.


"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 59 жастағы ерлерге арналған аннуитеттің құны 10 миллион теңгені, әйелдер үшін - 12 миллион теңгені құрайды. Салымшыларға арналған зейнетақы аннуитеттерінің құнын төмендету үшін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдер мөлшері де мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең аз мөлшерінен аспауы керек. Сонымен қатар, салымшыға өз жинақтарын пайдаланудың түрлі тетіктері арасында тең таңдау жасау үшін, заңнамаға 40 жастан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасауға мүмкіндік беру үшін түзетулер енгізу қажет. Ал егер сақтандыру ұйымынан төленетін төлемдер өмір бойына табыс әкелетін болса, салымшы БЖЗҚ-да қалған жинақ ақшасын зейнеткерлік жас басталған кезде алуға және оларды өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы болуы керек", - деді АФО өкілдері ұсыныста.