Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жексенбіге ауыстырылды - СІМ

0
622

Бұған дейін Украинадан эвакуациялауға өтініш білдірген 528 қазақстандық туралы хабарланған болатын.


Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жексенбіге ауыстырылды - СІМ

ERNUR.KZ. 26 ақпан күні таңертеңге жоспарланған Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау көп шақырымдық кептелістерге байланысты 27 ақпанға шегерілді, деп сенбі күні ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

"Бірінші репатриация рейсі 26 ақпанда таңертең жоспарланған болатын, (...) бұл 27 ақпанға ауыстырылады. Өйткені, біздің азаматтарды Польша шекарасына дейін жеткізген автобустар қазір көптеген шақырымдық кептелісте тұр", - деді Смадияров брифингте.

Оның айтуынша, "бір автобус шекара бекетінде 7 сағаттан бері тұрып жатыр". "Оның ішінде әйелдер мен балалар бар. Жағдайды біліп отырсыздар. Барлығынан шыдамдылық танытуды сұраймыз. Алдағы уақытта басқа да репатриация рейстері ұйымдастырылады", - деп қосты ол.

Бұған дейін Украинадан эвакуациялауға өтініш білдірген 528 қазақстандық туралы хабарланған болатын.