Қазақстандықтардың бар табысы емделуге кетуі мүмкін

0
1 384

Әр қазақстандықты емдеуге мемлекеттен қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды. Бұл мәліметті ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» аясында өткізілген конференцияда айтты, - деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Басылым келтірген мәліметке қарағанда, қазақстандықтардың денсаулығына жан басына шаққанда мемлекеттен шамамен 60 мың теңге бөлінеді.

«Бізде қаржыландыру тапшылығы әлі бар, тікелей айтқанда, бүгінде Қазастандағы мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелерді қоса алғанда, жан басына шаққындағы шығыны орташа есеппен 120 мың теңге болып тұр. Өкінішке орай, оның жартысы ғана мемлекеттік», - деді Біртанов.

Сонымен қатар, министр қаржының аздығы медициналық қызметке халықтың өзі төлеуіне әкелгенін мойындады.

«Кепілдендірілген медициналық қызметтегі жүйелі сипат алған аз қаржыландыру жек мекемелердің шығынын арттырды. Және де тұрғындар мемлекеттік жүйеден ала алмайтын немесе алғысы келмейтін қызметтің көпшілігіне өз қалтасына төлеуге мәжбүр. Денсаулық сақтау саласындағы зерттеу, өкінішке орай, жекеменшік нысандардың шығындары әлдеқашан ең аз шекті деңгейден асып кеткен (20 пайыз) және мұндай шығындардың соңы отбасы үшін қауіпті болуы мүмкін. Тұрғындар өздерінің жиған-тергенін тек емделуге ғана жұмсауына әкеліп соғады».