​Қазақстандықтарға ірі қалалар төңірегіне блокпосттар қойылатындығы туралы ақпарат тарады

0
600

Қазақстандықтар бір-біріне 9 мамырдан бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілетіндігі және ірі қалалардың төңірегіне блокпосттар қойылатындығы туралы хабарламаларды таратып жатыр.


​Қазақстандықтарға ірі қалалар төңірегіне блокпосттар қойылатындығы туралы ақпарат тарады

Қазақстандықтарға ірі қалалар төңірегіне блокпосттар қойылатындығы туралы жалған ақпарат тарағандығы ескертілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған порталда таратылған ақпаратта қазақстандықтар бір-біріне 9 мамырдан бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілетіндігі және ірі қалалардың төңірегіне блокпосттар қойылатындығы туралы хабарламаларды таратып жатқандығы айтылған. Хабарламада дәлел ретінде телевизиялық жаңалықтар топтамасынан үзінді келтіріледі. Шындап келгенде бұл хабарлама - фейк, ал жаңалықтың өзі өткен жылғы.

WhatsApp арқылы таратылып жатқан жаңалықтар шығарылымының үзіндісінде 2020 жылдың 7 қарашасы деп нақты дата көрсетілген. Сонымен қатар жаңалықты «Хабар 24» емес, «МИР 24» телеарнасының тілшілері түсірген. Кадрда диктор нақты айды атамай тек «9-ы күнінен бастап қаладан шығуға және кіруге тыйым салынатындығын» айтады. Осылайша, аталған хабарламадағы 9 мамыр делінген дата ойдан шығарылған.