Қазақстандықтарға ішімдік ішуге тыйым салына ма? ІІМ шарттарды атады

0
2 828

Үкімет кулуарында Игорь Лепеха бұл мәселе тек тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға ғана қатысты емес екенін түсіндірді.


Қазақстандықтарға ішімдік ішуге тыйым салына ма? ІІМ шарттарды атады

ERNUR.KZ. ІІМ орынбасары Игорь Лепеха кімдерге алкоголь ішуге ресми түрде тыйым салынуы мүмкін екенін түсіндірді, деп жазады tengrinews.kz.

ІІМ отбасылық тирандарға қарсы шараларды қолға алды. Олардың қатарында - сот шешімі бойынша ішімдік ішуге тыйым салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, тұрғын үйден шығару, психотерапевтке міндеттеу.

Үкімет кулуарында Игорь Лепеха бұл мәселе тек тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға ғана қатысты емес екенін түсіндірді.

"Бүгінде ерекше талаптар бар: судья "алкогольді ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу" туралы шешім шығарады, мысалы, үш айға. Егер қоңырау түссе, міндетті емес (тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы - еск.), шартты түрде тыныштықты бұзу, келіп азаматтың мас екенін көрсек, бұл - заңбұзушылық", - деді ІІМ өкілі.

Ол бұл шараларды қолдану үшін әйелдің күйеуінің үстінен полицияға шағымдануы ереже бойынша талап етілмейтінін айтты. Тіркелген азаматтарды учаскелік полиция қызметкерлері де "қадағалайды".

"Учаскелік полиция қызметкеріаралайды. Сот шешімі немесе мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар қойылған барлық адам профилактикалық бақылауға алынып, учаскелік инспектор барады", - деп қосты Лепеха.