Қазақстандықтарға тау мен ұлттық саябақтарға баруға рұқсат етіледі

0
925

Қазақстанда тағы карантин жеңілдетіледі.


Қазақстандықтарға тау мен ұлттық саябақтарға баруға рұқсат етіледі

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға 31 тамыздан бастап тауға шығуға және ұлттық табиғи саябақтарға баруға рұқсат етіледі, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомствоаралық комиссия осындай шешім шығарды: Қазақстанда тағы карантин жеңілдетіледі.

"Қол жеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықта, бетперде тағу қажет);

Еске салайық, бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.