Қазақстандықтарға жаңа шектеулерге байланысты 42 500 теңге төлене ме

0
715

Бұл жөнінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы айтты.


Қазақстандықтарға жаңа шектеулерге байланысты 42 500 теңге төлене ме

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға 42 мың 500 теңге төленбейді. Өйткені қазіргі жаңа шектеулерді қатаң деп айтуға болмайды. Бұл жөнінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Абылай Мырзахметов жуырда қоғамдық тамақтану мекемелерінің жұмыс істеу уақытын өзгерту туралы тағы да талдаулар жүргізілетінін хабарлаған.

Барлық нысандар Ashyq арқылы жұмыс істей алады. Бизнес саласында нысандар 5 жұмыс күнінде қызмет етуді жалғастырады. Сонымен қатар ол бір аптадан кейін Ashyq жетекшілеріне демалыс күндері де жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.



Тағы оқыңыз: Елімізде нан қымбаттауы мүмкін.