Қазақстандықтың соққан голын Instagram-да 68 миллион жазылушы көрді

0
1 267

Келгенбай жаттығу кезінде өзіне қарай ұшқан допты бұрылып келіп, қақпаға соқты.


Қазақстандықтың соққан голын Instagram-да 68 миллион жазылушы көрді

ERNUR.KZ. Әлішер Келгенбай аты аңызға айналған швед шабуылшысы Златан Ибрагимовичтің стилінде әдемі гол соқты, деп жазады inform.kz.

Келгенбай жаттығу кезінде өзіне қарай ұшқан допты бұрылып келіп, қақпаға соқты. Бұл видео Instagram желісінің 68 миллион жазылушысы бар 433 парақшасында жарияланған. Бейнеролик екі сағат ішінде 403 мыңнан астам лүпіл жинады.

Қазақстандықтың голы 2012 жылы қарашада Англия құрамасымен өткен жолдастық кездесуде Златан Ибрагимовичтің айып алаңының сыртынан соққан голына ұқсас болды.