Қазақстанға 35 шетелдік блогер шақырылды

0
1 528

Әлеуметтік желілерде мыңдаған оқырманы бар блогерлер Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Грекия, Канада және Оңтүстік Корея елдерінен шақырту алды.


Қазақстанға 35 шетелдік блогер шақырылды

ERNUR.KZ. Қазақстанға 16-21 тамыз аралығында саяхат туралы қалам тербеп, видео түсіретін шетелдік 35 блогер келмек, деп жазады inbusiness.kz.

Олар «Открывая Қазақстан» атты жоба аясындағы блог-турға қатысып, еліміздің көрікті деген жерлерін аралайды. Әлеуметтік желілерде мыңдаған оқырманы бар блогерлер Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Грекия, Канада және Оңтүстік Корея елдерінен шақырту алды.

Блог-тур 5 бағыт бойынша ұйымдастырылады:

1) Шығыс Қазақстан облысы. Рахман қайнарлары, Берел қорғаны, Қатон-Қарағай ауданы, «Косы Вероники» сарқырамасы, Зырян және Осиновка асуы.

2) Оңтүстік Қазақстан облысы. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Арыстан баб кесенелері, Отырар, Сауран қалалары мен Ақсу Жабағылы қорығы.

3) Орталық Қазақстан облысы. «Бурабай» ұлттық табиғи паркі, «Ботай-Бурабай» және «АЛЖИР» мұражайлары мен Нұр-сұлтан қаласы.

4) Батыс Қазақстан облысы. Ақтау қаласы, Бозжыра шатқалдары мен алқабы, Кендірлі, Тоқмақ мысы, Қарақия және Түйес.

5) Алматы және Алматы облысы. Алматы қаласы, Үлкен Алматы көлі, Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, Тамғалы тас пен Алтын Емел.

Саяхат аяқталысымен блогерлер түсірген бейнематериалдарын YouTube-ке жүктеп, әсерлерімен бөлісетін болады. 24-25 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тревел-блогерлердің қатысуымен халықаралық форум өтеді. Шара барысында қатысушыларға арналған «Тревел блогинг», «Бизнес-блогинг» және YouTube, Instagram әлеуметтік желілерді дамыту туралы мастер-кластар ұйымдастырылады. Онда шетелдік блогерлер сапалы контент жасаудың қыр-сырларымен бөлісетін болады. Айта кету керек, бұл жоба Қазақстандағы Жастар жылы аясында дарынды жастарға қолдау көрсетіп, туризм мен елдегі видеоблоггингті дамыту мақсатында өткізіліп отыр.