Қазақстанға 37 жаңа компания көшуі мүмкін

0
374

Үкіметте өткен брифингте ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Қазақстанға шетелдік компанияларды релокациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.


Қазақстанға 37 жаңа компания көшуі мүмкін

ERNUR.KZ. Үкімет шетелдік компаниялар Қазақстанға қоныс аударатынын хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Үкіметте өткен брифингте ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Қазақстанға шетелдік компанияларды релокациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бүгінде тізімде 30-дан астам елдің 400-ге жуық компаниясы бар екені мәлімделді.

"Бүгінде құны 1,5 миллиард доллардан асатын 41 компания бойынша нақты нәтижелер бар. Бұл InDriver, TikTok, Fortescue және т.б. Бүгінде 37 компания бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысты салалық мемлекеттік органдар мен Инвестициялар жөніндегі комитет жүргізеді. Мерзімдер әр компания үшін жеке қойылады", — деді Бауыржан Құдайбергенов.

Вице-министрдің айтуынша, біздің елімізге релокациялауға ниетті шетелдік компаниялар үшін басым салалар айқындалған. Бұл негізінен өңдеу өнеркәсібі, IT секторы және тау-кен өнеркәсібі салалары.