Қазақстанға 43 млн теңгенің дәрі-дәрмегін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

0
545

Кеденде Үндістаннан әкелінген контрабандалық дәрі тәркіленді.


Қазақстанға 43 млн теңгенің дәрі-дәрмегін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. «Жетісу» кеден бекетінде Үндістаннан әкелінген контрабандалық дәрі-дәрмек тәркіленді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2023 жылғы наурызда Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қалалық департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД өкілдерімен бірлесіп Авиациялық көлік прокуратурасы бастамасымен кедендік тексеру жүргізген.

«Таза салмағы - 356 кг болатын 54 449 дана «тағамға биологиялық белсенді қоспа» деген атпен дайын дәрілік заттардың партиясын (таблетка түрінде) енгізуге тырысты. Кедендік сараптама нәтижесінде тауардың «дәрілік зат» екені және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Ол дозаланған дәрілік формада бөлшек саудаға арналып оралған. Жүргізілген есептеулерге сәйкес тауарлардың кедендік құны 43,4 миллион теңгені, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы 5,2 миллион теңгені құрады.