Қазақстанға ақша салған үздік он елдің тізімі жарияланды

0
1 060

Алмас Айдаровтың айтуынша, өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 28 млрд АҚШ долларын құрады.


Қазақстанға ақша салған үздік он елдің тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Үкіметтің инвестициялық штабы шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылдың қорытындысы қаралды, деп жазады sputnik.kz.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 28 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл – соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
"Экономиканың негізгі салаларында жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 199 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 2023 жылы 1,9 трлн теңгеге тағы 281 жобаны іске қосу жоспарланып отыр", - дейді Айдаров.
Өткен жылғы инвесторлардың үздік ондығы:
Нидерланды;
АҚШ;
Швейцария;
Бельгия;
Ресей;
Оңтүстік Корея;
Қытай;
Франция;
Ұлыбритания;
Германия;
Штаб отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының тапсырмасын да еске салды. Үкімет 2029 жылға дейін $150 млрд шетелдік инвестицияларды тартуға міндетті.
"Биыл экономикаға кем дегенде $24 млрд шетелдік капиталды тартуға тиіспіз. Министрлер мен әкімдер экономиканың басым секторларында шетелдік капиталдың қатысуымен жаңа әрі сапалы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдауы керек", — деді үкімет басшысы.