Қазақстанға тәліптермен ынтымақтастық келісім не үшін керек - министр жауап берді

0
619

Серік Жұманғарин ауғанстандық кәсіпкерлерді Қазақстанға шақырып, шілде айында бизнес-форум өткізу жоспарланып жатқанын айтты.


Қазақстанға тәліптермен ынтымақтастық келісім не үшін керек - министр жауап берді

ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ауғанстан арасында ынтымақтастық келісім орнатудың себебін түсіндірді, деп жазады stan.kz.

"Біріншіден, біз Ауғанстанмен ынтымақтастамыз және екі ел арасында тауар айналымы бар. Қазіргі таңда Ауғанстанмен тауар айналымы миллиард долларға жетті. Бұл Әзірбайжанмен, Түркіменстанмен салыстырғанда көп. Осы орайда сауда ынтымақтастығын одан әрі арттырамыз. Ауғанстанмен екіжақты саудада бидай, ұн, күнбағыс майы басымдыққа ие. Неліктен бұл мүмкіндіктен бас тартуымыз керек? Бұл, сайып келгенде, біздің мемлекетімізге пайда әкеледі", - деді Серік Жұманғарин үкімет кулуарында.

Сонымен қатар министр Ауғанстанда сауда үйі ашылып, оған арнайы өкіл тағайындалғанын айтты.

"Ресми өкіл жұмысты үйлестіруге жауапты, өйткені Ауғанстанның аумағы үлкен. Нарықты зерттеп, инвесторлармен, бизнесмендермен танысу керекпіз", - деді министр.

Серік Жұманғарин ауғанстандық кәсіпкерлерді Қазақстанға шақырып, шілде айында бизнес-форум өткізу жоспарланып жатқанын айтты.

"Олар Қазақстанды көріп, біздің мүмкіндіктерімізбен танысуы үшін форум өткізгіміз келеді. Соңғы рет біз таза өніммен айналысатындарды ғана емес, жер қойнауын пайдаланушыларды да Ауғанстанға жеткізген болатынбыз. Өйткені олар жер қойнауын пайдалану жағынан айтарлықтай бай ел. Олар да қызығушылық танытып отыр", - деді Сауда және интеграция министрі.