Қазақстаннан бірқатар мемлекетке жаңа рейстер ашылды

0
1 154

Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта ұша бастайды.


Қазақстаннан бірқатар мемлекетке жаңа рейстер ашылды

ERNUR.KZ. Қазақстан Үкіметі 2023 жылдан бастап, қай мемлекеттерге ұшақ қатынайтынын жариялады, деп жазады Azattyq Ruhy.

Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде: Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге, Алматыдан Карачи мен Лахорға рейстер ашылады.

Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстанбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге Алматыдан Дели, Чэнду, Лондон, Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға, Астанадан Тбилиси мен Подгорицаға рейстерді ұлғайту жоспарланып отыр.

Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта ұша бастайды.