Қазақстаннан Қытайға бір айда 1 млн тонна жүк жеткізілді

0
560

Қытайға жүк экспорты өткен жылғы көрсеткіштен 43 процентке асып кетті.


Қазақстаннан Қытайға бір айда 1 млн тонна жүк жеткізілді

ERNUR.KZ. Биыл бір айдың ішінде Қазақстаннан Қытайға темір жолмен 1 млн тонна жүк жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

2024 жылы қаңтар айында темір жол желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 2023 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 22 процентке өсіп, жалпы көлемі 2,4 млн тоннаны құрады.
Ал Қытайға жүк экспорты өткен жылғы көрсеткіштен 43 процентке асып кетті. Ол жаққа бір айдың ішінде 1 млн тонна жүктер жеткізілді.
Соның ішінде темір рудасының экспорты 19 процентке, астық 37 процентке, қара металдар - 2 есе, ал түсті металдар - 2,2 есе өсті. Сондай-ақ контейнерлерде экспортқа жүктерді тасымалдау 2,2 есеге артты.