Қазақстаннан шығарылған 60 шетелдік Астанада жасырынып жүрген

0
330

Көші-қон қызметі бұрын Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылған, бірақ сот шешімін орындамай, Астанада заңсыз жүрген 60 шетелдік азаматты анықтаған.


Қазақстаннан шығарылған 60 шетелдік Астанада жасырынып жүрген

ERNUR.KZ. Елордада қоғамдық орындармен көшелерде тиісті тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында "Елден шығарылатындар" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп жазады tengrinews.kz.

Көші-қон қызметі бұрын Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылған, бірақ сот шешімін орындамай, Астанада заңсыз жүрген 60 шетелдік азаматты анықтаған.

"Полицейлер Қазақстан Республикасынан 2022 шығарылған, бірақ елден кетпей жүрген Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын ұстады. Заң бұзған шетелдік азамат, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ел аумағынан мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін 30 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды.
Тәртіп сақшылары елден шығару туралы қаулыны орындамау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және қылмыстық заңнамаға сәйкес, жауапкершілікке алып келетіндігін атап өтті", - делінген хабарламада.