Қазақстаннан табылған коронавирустың цербер штамы несімен ерекшеленеді

0
410

Кеше Қазақстанда «Цербер» штамының айналымы табылғанын хабарлаған едік.


Қазақстаннан табылған коронавирустың цербер штамы несімен ерекшеленеді

ERNUR.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақстанда анықталған «Цербер» штамының ерекшеліктерін түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанда «Цербер» штамының айналымы табылғанын хабарлаған едік.

Қазақстанда толық геномдық секвенирлеу нәтижесінде коронавирус инфекциясы омикрон штамы вирусының айналымы анықталып, оның 0,5%-нан «Цербер» субгенетикалық желісі табылды.

SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасын толық геномдық секвенирлеу әдісімен анықтау кезінде қараша айында омикрон нұсқасының айналымы анықталды, оның 0,5%-да BQ.1.1 субгенетикалық желісі («Цербер») бар болып шықты.

Ал 99,5%-да - омикрон штамының басқа нұсқалары.

Қазіргі уақытта мутацияланған цербер 65-тен астам елден, соның ішінде Ресей Федерациясында, АҚШ-та, Еуропа елдерінен анықталды.

Жаңа цербер штамының белгілері омикронның бұрынғы кіші түрлерінен айтарлықтай ерекшеленбейді.

Ауру көбіне жіті респираторлық аурудың жеңіл түрінде болады.

Қызудың көтерілуі, буын ауруы, аздап мұрыннан су ағу, әлсіздік болуы мүмкін, кейбіреулерінде ішек аурулары болады.

Штамм тез жұғуымен ерекшеленеді, алайда аса қауіпті емес.

Науқастарды диагностикалау және емдеу басқа COVID-19 штамдарынан ерекшеленбейді.

Инфекциядан қорғаудың тәсілі – COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинацияның аяқталған курсы.

SARS-CoV-2 вирусын анықтау және мониторингілеу жұмысы жалғасады.