Қазақстанның 10 мыңға жуық мектебінде террористік қауіптілік жоғары деп танылды

0
502

Негізі, бұл мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттерден 1,4 миллиард теңге бөлінген.


Қазақстанның 10 мыңға жуық мектебінде террористік қауіптілік жоғары  деп танылды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Елдегі 10 мыңға жуық мектепте террористік қауіптілік әлі де жоғары, деп жазады inbusiness.kz.

100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталғанына қарамастан, білім ошақтарының 55% бекітілген стандарттарға сәйкес келмейді. Мұны Министр Аймағамбетовтің өзі мойындады.

Негізі, бұл мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттерден 1,4 миллиард теңге бөлініпті. Ал мектептердегі дабыл түймелерінің саны небәрі – 648 ғана. Оған 828 млн теңге жұмсалған.

Бұдан бөлек, бүгінде оқу ордаларын турникеттер мен ата-аналардың телефонымен біріктірілген арнайы кіру карталарымен қамту жоспарланып отыр.