Қазақстанның 100-ге жуық азаматы шетелде еңбек құлдығында жүр – СІМ

0
317

Соңғы екі жылда Таиланд, Мьянма мен Лаостың шекаралас аумақтарында Қазақстанның 200-ге жуық азаматы құлдыққа түсіп қалған.


Қазақстанның 100-ге жуық азаматы шетелде еңбек құлдығында жүр – СІМ

ERNUR.KZ. Қазақстанның жүзге жуық азаматы Таиландпен шекаралас аумақтарда еңбек құлдығында қалып қойған. Бұл сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда Таиланд, Мьянма мен Лаостың шекаралас аумақтарында Қазақстанның 200-ге жуық азаматы құлдыққа түсіп қалған.
"Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лаос аумағында еңбек құлдығынан 28 қазақстандық шығарылды. Алпысқа жуық отандасымыз елшілікке жүгінбей, өз күшімен елге оралған. Қазір жоғарыда аталған елдердің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында қалып қалған деген ақпарат бар", - дейді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте.