​Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

0
1 319

Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал.


​Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

ERNUR.KZ. 5 желтоқсан күні Қазақстанның 8 қаласында метеорологиялық жағдай жайсыз болады, деп жазады ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Көкшетау, Талдықорған, Өскемен, Орал қалаларында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.